«Астана EXPO-2017» ЖЭС 2-кешенінің құрылысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана EXPO-2017» ЖЭС 2-кешенінің құрылысы аяқталды

23.09.2020

«Астана EXPO-2017» жел электр станциясы жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына көшеді. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин Аршалы ауданына барып, құрылысы аяқталған кешенмен танысты. Бұл нысан 10 мың отбасын қуат көзімен қамтамасыз етіп, жылына 79 мың тонна отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300 адам тартылған, ал жергілікті 20 маман кешенде жұмыс істеу үшін арнайы курстан өтіп жатыр.

Амангелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу