Парламент мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Бұған дейін Сенат құжатқа бірқатар өзгерістер енгізіп төменгі палатаның қарауына қайтарған. Заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер мен оның отбасы мүшелеріне кез келген сыйлықты қабылдауға болмайды. Сондай-ақ, антикоррупциялық шектеулер квазимемлекеттік компаниялардың мамандарына да қойылатын болды. Заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді.
Оңғар Алпысбайұлы