Мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерлерге кедергі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерлерге кедергі көп

23.09.2020

Мемлекеттік тапсырыс Қазақстанда жасалмайтын өнімге беріліп жатыр. Бүгін «Атамекен» палатасы өңірлік кеңестерінің мүшелері осындай мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, отандық кәсіпорындарға берілетін тапсырыс кезінде кейбір өнімдердің елде шығармайтыны ескерілмейді. Сондықтан қазақстандық үлесті есепке алудың бірыңғай жүйесін жасақтау керек, - дейді кәсіпкерлер. Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов бұл мәселе аптаның соңында Үкіметте қаралатынын айтты.  

Рауан Диәли


Хабарламаларға жазылу