Прокурор Ж.Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокурор Ж.Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

24.09.2020

Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алмалы аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ертаев кінәсін мойындап, шығынды ішінара өтеген. Кәмелет жасына толмаған балалары болғаны үшін жаза біршама жеңілдеген. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, 5 жыл коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру талап етіліп отыр. Еске салайық, Жомарт Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.

Оңғар Алпысбайұлы 

Хабарламаларға жазылу