Сенат депутаты Дана Нұржігіт педофилдердің жазасын қатаңдатуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаты Дана Нұржігіт педофилдердің жазасын қатаңдатуды ұсынды

24.09.2020

Педофилдердің жазасын қатаңдату керек. Сенат депутаты Дана Нұржігіт Бас прокуратураға осылай деп сауал жолдады. Зорлық жасап түрмеге отырып шыққандардың көбі бір жыл өтпей қылмысын қайталады. Бұл қылмыскерлер түзету орнынан түзеліп шықпайды деген сөз. Яғни жаза жеңіл деді депутат. Мәселен соңғы 4 жылда 1900-ге жуық адам осындай қылмысы үшін кінәлі деп танылған. Соның тек 539-ы ғана 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Көпшілігіне ауыр жаза қолданылмаған. 

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Халықаралық тәжірибені саралап, қылмыстық заңнаманы талдап, балаларға қарсы жыныстық сипатта жасалған қылмыстың барлық түрлеріне қатысты жазаны қайта қарап, қатаңдату бойынша ұсыныстар әзірлеуіңізді сұраймыз. Бейкүнә сәбиге жасалған зорлық үшін берілетін жаза қылмыстың ауырлығына сай болмаса ақылға сыймайтын үкім шығарып, халықтың ашу-ызасын тудырмауымыз керек. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу