ШҚО-да қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қар жауды

25.09.2020

Шығыс Қазақстанда бүгін қар жауды. Катон-Қарағай, Күршім мен Риддер аудандарының таулы жерлерінде қалың қар түскен. Сондай-ақ Марқакөл қорығының маңында ақ ұлпаның қалыңдығы таңертең 12 сантиметрге дейін жеткен. 

Тұрғындар табиғаттың мұндай тосын сыйын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жарыса жүктеп жатыр. Синоптиктер бұл жыл сайынғы таулы аймақтарда болатын қалыпты құбылыс екендігін айтты. Тек биыл қар жылдағыдан ерте түскен. Ауа райын болжаушылар Шығыс Қазақстанда күннің әлі де суытып, желдің күшейетіндігін айтып отыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу