Ақмола облысының 5 ауданында құс тұмауы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының 5 ауданында құс тұмауы анықталды

25.09.2020

Апта басында Атбасар, Зеренді, Егіндікөл, Астрахан және Бұланды аудандарында құстар қырылып қалған еді. Сараптама нәтижесі оң болып шықты. Аймақта барлығы бір мыңнан астам үй құсы өлді. Жабайы қанаттылардың да өлекселері табылған. Облыста екпе салынып жатыр. Өңірге 510 мың доза бөлінген. Қазір Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылында ғана карантин енгізілген. Алдағы уақытта қалған елді мекендерде де сақтық шаралары күшейтілмек.  

Сәкен Мұқажанов, аймақтық Ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының бөлім басшысы:

- Аудандарда әкімдерге ұсыныс берілді. Осы ұсыныстар бойынша алып әкімдер шешім шығарады.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу