Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін ұзартылды. Енгізілген жаңа қаулыға сай ойын-сауық орындары мен кинотеатрлардың және букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынды.
Мемлекеттік мекемелерде қашықтан жұмыс істеу режимі сақталады. Демалыс және мереке күндері базарлар жабық болады. Ал, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілермен кездесуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау бағытына қатынайтын жолаушылар пойызының қызметі қайта жанданады.
Гүлназ Ербатырова, Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары:
-Әлі де болса бізде ауру мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Күніне 2-3 жағдайдан бар. Бұл вирус әлі айналымда жүр. Сондықтан оның өршуін алдын-алу мақсатында карантиндік шараларды ұзартып отырмыз.
Жандос Темірғали