Ақтауда басына оқ тиген сарбаз аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда басына оқ тиген сарбаз аман қалды

28.09.2020

Жаралы жауынгерді әскери қызметшілер аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген. Жағдайы орташа ауыр науқастың басына дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, оқты алды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алдағы күндері ауруханадан шығады. 19 жастағы Ақберген Каримов Шымкенттің тумасы. Ол Ақтаудағы 35/02 әскери бөлімінің жауынгері. Әскери қызметінің аяқталуына 2 ай қалған. Оқыс оқиғаның қайда және қалай болғаны анықталып жатыр. 

А. Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу