Зейнетақы жүйесін реформалау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жүйесін реформалау керек

28.09.2020

Зейнетақы жүйесін реформалау керек. Бұл туралы Қазақстан коммунистік халықтық партиясының өкілдері мен саясаттанушылар айтты. Олар зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы пікірлер негізсіз дейді. Өйткені, әлеуметтік ахуал мен халықтың өмір сүру көрсеткіші ескерілмейді. Сонымен қатар, адамның еңбек өтілі мен мамандығы бойынша зейнетақысы әділ есептелмей жатады. Мәселен, көп жыл бойы әскери ұшқыш, шахтер, диқан болып еңбек еткендер ең төменгі зейнетақы алады. Бұдан бөлек, жиналғандар зейнетақы қорын басқарушы кеңестің құрамында қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері болуы тиіс деп есептейді.

Гүлдана Хасенова,ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшесі:
-Төменгі пенсияның деңгейін көтеру керек. Өйткені қазіргі заманға сәйкес, қазіргі бағалардың қымбаттауына байланысты.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу