Қазақстанда 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

29.09.2020
Қазақстанда 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда 16 378 шетел азаматының жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның 637-сі бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары), 3481-і екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілген. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға қатысты болып отыр - тиісінше 7617 адам және 1153 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 1792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1698 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел азаматтарын тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері: Қытай - 3579 адам, Өзбекстан - 1774, Түркия - 1 661, Үндістан – 1266 және Ұлыбритания - 1081.

Хабарламаларға жазылу