Бас прокуратура: Мұнай-газ саласында заң бұзу фактілерін анықтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура: Мұнай-газ саласында заң бұзу фактілерін анықтаған жоқ

29.09.2020

Еліміздің мұнай-газ саласында заңбұзушылық анықталған жоқ. Ауқымды тексеріс жүргізген Бас прокуратура осындай мәлемдеме жасады. Негізі мұнай-газ саласына ревизия жүргізуге мәжілісмен Павел Казанцевтің депутаттық сауалы себеп болған еді. Онда ол қара алтын экспортындағы монополия, жемқорлық пен заңсыз келісімдер және салықтан жалтару жайлы айтқан болатын. Тіпті батыс басылымдарының осы туралы жазған мақалаларын да мысалға алған еді. Содан бері Бас прокуратура Қаржы және энергетика министрлігімен бірігіп, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен ірі кен орындарында тексеріс жүргізді. Сөйтіп оның қорытындысын Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында жариялады. 

Берік Асылов, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:  
-Бірлескен тексеру нәтижелері көрсетілген фактілердің шындыққа сәйкес келмейтіндігін және нақты дәлелдерге негізделмегендігін көрсетті. Мұнай-газ активтерінің операцияларына қатысты заңбұзушылықтар анықталған жоқ. 

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу