Президент Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

29.09.2020

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдап, деңгейі төмендеген Жайық өзенінің проблемасын шешуді тапсырды. Аймақ басшысы Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Облыстың энергиялық сұранысы мен жолдардың жағдайын да баяндады. Президент сондай-ақ аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін түбегейлі шешуді де тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу