Мектеп пайдалануға берілді: Ұлттық арна көтерген тағы бір мәселе шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп пайдалануға берілді: Ұлттық арна көтерген тағы бір мәселе шешілді

30.09.2020

Алматы облысының Қосағаш ауылында Ұлттық арна тілшілерінің араласуынан кейін жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Осыдан екі жыл бұрын елді мекеннің білім шаңырағы апатты жағдайда тұрғаны туралы мәселе көтерілген болатын. Өңір басшылары 700 млн теңге қаржы бөліп, екі қабатты ғимарат тұрғызылды. Бүгін ауылдың 90-ға жуық оқушысы жаңа білім шаңырағының табалдырығын аттады. Қосағаштық оқушылар штаттық режимде білімін жалғастыра бермек. 

Қуаныш Қанатұлы

Ұлттық арна Қазақстан арнасы Qazaqstan арнасы Алматы облысы Қосағаш

Хабарламаларға жазылу