Ұлыбритания мен Канада Лукашенкоға санкция жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания мен Канада Лукашенкоға санкция жариялады

30.09.2020

Ұлыбритания мен Канада Беларусь президенті Александр Лукашенкоға санкция жариялады. Сонымен қатар бұл шектеулерге Лукашенконың ұлы мен республика үкіметінің 8 жоғары лауазымды шенеунігі және президент әкімшілігінің басшысы да іліккен. Олардың шетелге сапарлары бөгеліп, есепшоттары тоқтатылады. 

Жаңа санкциялар Беларусьте тамыздың 9-да өткен сайлау нәтижесіне және демонстрациялардың күшпен таратылуына қарсылық ретінде жарияланып отыр. Лукашенко болса, жеңіске әділ жолмен жеткенін мәлімдеп келеді. 

Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның литвалық әріптесі Гитанас Науседа да Еуропа одағы Лукашенконы санкцияға алуы тиіс деген ұйғарымға келді. Мұндай мәлімдемені олар Вильнюста өткен баспасөз мәслихатында жасады.

Арыстан Рысбек

Ұлыбритания Беларусь президенті Александр Лукашенко санкция Канада

Хабарламаларға жазылу