Таулы Қарабақтағы қақтығыстардан 100-ден астам адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы қақтығыстардан 100-ден астам адам қаза тапқан

01.10.2020

Таулы Қарабақтағы қарулы жанжал бесінші күнге ұласты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, әскери қақтығыс даулы бөліктің шекарасынан асып, Әзірбайжан мен Армения арасындағы кең ауқымды соғысқа ұласады деген қауіп туындап отыр. 

Бұл жанжал жексенбі күні басталды. Содан бері 100-ден астам адам қаза тауып, тағы жүздегені жараланған. Армения премьері Никол Пашинян соғысқа жалғыз ұлын аттандырғанын мәлімдеді.

Қазір Ереван мен Баку оқты бірінші атты деп бір-бірін айыптап отыр. Ал Ресей мен Франция басшылары шиеленісті тоқтату жолдарын талқылады. Алайда, Әзербайжан президенті аймақта бейбітшілік орнату үшін ең алдымен Таулы Қарабақты қайтаруды талап етіп отыр.

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:
Бізде бір ғана шарт бар – Армения қарулы күштері дереу әрі міндетті түрде жерімізден толық кетуі керек. Егер Армения үкіметі осы талапқа көнетін болса, шайқас пен қантөгіс тоқтап, аймақта бейбітшілік орнайды. 

Арыстан Рысбек

Таулы Қарабақ Армения Әзірбайжан Ильхам Әлиев Никол Пашинян

Хабарламаларға жазылу