Мадрид оқшаулау режиміне ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадрид оқшаулау режиміне ауысты

01.10.2020

Карантинге байланысты Испания астанасы оқшаулау режиміне көшті. Енді Мадрид тұрғындарына маңызды себепсіз қаладан кетуге болмайды. Кафе-барлардың да жұмыс уақыты қысқарған. Шектеу шаралары 3 миллиондай тұрғыны бар ел астанасы мен оған жақын аудандарда да әрекет етеді. Себебі Мадридтің бір өзінде өткен тәулікте 4800-ден астам адамнан Covid анықталған.

Ал Италияда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай қаңтардың 31-не дейін ұзартылуы мүмкін. Премьер-министр Джузеппе Конте парламентке осындай ұсыныс жасады. Ағымдағы төтенше жағдай қазанның 15-де бітуі тиіс еді. Алайда науқастар санының өсуі билікті алаңдатып отыр. Соңғы тәулікте елде 1800-ден астам адамнан Covid анықталып, 19-ы одан қайтыс болған.

Жансая Қапасқызы




Мадрид Испания Шектеу шаралары

Хабарламаларға жазылу