Мал шаруашылығын субсидиялау тәртібін өзгерту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мал шаруашылығын субсидиялау тәртібін өзгерту қажет

02.10.2020

Қазақстандық шаруалардың субсидияға қол жеткізуі мүмкін болмай отыр. Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Үкіметке осылай деп сауал жолдады. Мәселен, ірі қара асыраушылар мемлекеттен көмек алуы үшін кемінде 5 мың бас мал асырауы міндетті. Бұл талапты шағын шаруалардан бөлек ірі кәсіпкерлер де орындай алмай отыр. 

Сондай-ақ кей өңірлерде климаттық ерекшеліктерге байланысты мал асырау тым көп шығынды талап етеді. Себебі мал азығы тапшы немесе жерүсті сулары жоқтың қасы. «Мемлекет тарапынан субсидия бөлінбесе, шаруалар мал шаруашылығымен айналысуға құлықсыз болып, еліміздің импортқа тәуелділігі арта береді», - деді Сенат депутаты.

Ғұмар Дүйсембаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Еліміз бойынша жаңа дамып келе жатқан кіші шаруашылықтарды көтеру үшін, таза сапалы ет өнімдерімен қамту үшін бордақылау алаңдарындағы бір мезгілде тұратын мал санын төмендету қажет деп санаймыз. Негізі барлық өңірлерге ортақ көтеріліп жүрген осы маңызды мәселе бойынша қағидада әр облыстың ерекшелегін ескере отырып, диференциялды түрде қарау қажет.  

Оңғар Алпысбайұлы

субсидия мал шаруашылығы Сенат отырысы депутаттық сауал

Хабарламаларға жазылу