Түркістан облысы Дербісек ауылында тұратын 23 жастағы келіншек үшем босанып, батыр аналардың қатарына қосылды. Тұңғышын 18 жасында дүниеге әкелген Еркінай Есенбаева бұған дейін үш перзент өсіріп тәрбиелеп отырған. Облыстық перинаталды орталықтың дәрігерлері әлі ай күні жетпеген үшемдердің анасын аман сау босандырып, сәбилерге жарық дүние сыйлады. Ата-анасы жарық дүние есігін ашқан сәбилерге Ақжан, Маржан және Бақжан деп ат қойды. Шараналардың салмағы 2,5 мен 3 келі аралығында. Барлығы да неанотолог дәрігерлердің бақылауында.
Ғани Қалмаханов