Ақмола облысындағы ауылға 145 камера орнатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы ауылға 145 камера орнатылған

06.10.2020

Ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторының жұмысын жеңілдету жан-жақты қолға алынды. Мәселен, Ақмола облысының Родина ауылдық округі толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Көшелер мен ғимараттарға барлығы 145 камера орнатылған. Соның арқасында полиция жұмысы жанданып, қылмыс азайған. Мысалы, ауылда соңғы 5 жылда 27 қылмыс болса, камера қойылған бір жылдың ішінде қылмыс тіркелмеген. Өйткені қазір полиция қызметкері тәртіпті күндіз-түні қадағалап отыр.

Қайрат Әлібеков, Родина ауылдық учаскелік полиция инспекторы:
Жыл соңына дейін ауылға тағы 100 камера қоюды жоспарлап отырмыз. Сонда тәртіп толық бақылауға алынады. Бұл камералардың тиімді тұсы планшетке қосылған, ол бізге өте ыңғайлы. Мысалы, мен тағы екі ауылда жұмыс істеймін. Сол жаққа кетіп қалсам, осы ауылдағы көріністерді сонда жүріп те қарай аламын.

Амангелді Сейітхан

бейнебақылау Ақмола облысы

Хабарламаларға жазылу