Ақмола облысындағы Шортанды және Есіл аудандарында 70-тен аса құс қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Шортанды және Есіл аудандарында 70-тен аса құс қырылды

06.10.2020

Ақмола облысындағы Шортанды және Есіл аудандарында 70-тен аса құс қырылып қалды. Осылайша, аурудан өлген құстардың жалпы саны 2400-ден асып кетті. Облыс бойынша індет 15 елді мекенде анықталды. Оның 4-еуі карантинге жабылып, барлығы 2,5 мың үй құсы жойылды. 3 ауылға шектеу қойылған. Қалғандары бойынша шешім қабылданып, тіркеу жүргізілуде. Өңірде республикалық эпизоотияға қарсы жасақ мамандары жұмыс істеуде. Ал өтемақы мөлшерін арнайы комиссия анықтайды. Мамандар орташа нарықтық бағаға сай болады деп отыр. Сондай-ақ, аймақта екпе салу аяқталуға жақын. 

Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
-Алған 510 мыңдай доза вакцинамыз егіліп болуға жақын. Қазіргі таңда 480 мыңы егілді.     

Ермек Елберген

Ақмола облысы құс тұмауы карантин

Хабарламаларға жазылу