Еуропада коронавирустың екінші толқыны тарап жатқандықтан, ауруханаға түскендер мен одан қайтыс болғандар қайта көбейіп келеді. Осыған байланысты, аймақ елдерінің үкіметтері карантиндік шектеулерді күшейтіп, сапарларға тыйым сала бастады. Мұны Американың «Уолл стрит джорнал» газеті хабарлап отыр. Оның дерегінше, әсіресе, Испанияда, Францияда, Ұлыбританияда күнделікті COVID-19 жұқтыру оқиғалары көктемдегі деңгейден асып кеткен. Испания Еуропада осындай науқастарының саны 800 мыңнан асқан бірінші мемлекетке айналды. Өткен аптаның соңында корольдікте 23500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Ал бүкіл ел бойынша COVID-19 құрбандарының саны 32200-ге жетіп отыр. «Уолл стрит Джорналдың» өзге бір мәліметінше, Италия мен Германияда да пандемия күшейіп келеді.
Арыстан Рысбек