Павлодар облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 12-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 12-ге жетті

07.10.2020

Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде 2-ші сынып оқушысынан коронавирус анықталды. Байланыста болған 17 адам, оның ішінде 14 оқушының бәрі тексерілуде. Олар үй карантинінде. Сынып та карантинге жабылып, қашықтан білім алуға көшті. Оқу жылы басталғаннан бері өңірде 12 оқушы ауруға шалдыққан. Шарбақты ауданында – 5, Ақсуда – 1, Павлодар қаласында – 6 оқушы індет жұқтырған. Өңірдегі мектептерде санитарлық талаптардың сақталуына байланысты тексеріс басталды.  



Павлодар облысы коронавирус

Хабарламаларға жазылу