Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын реформалаудағы мәселелер. Қазақстан коммунистік халық партиясы өкілдері жергілікті басқару органдары және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бас қосып, өңірді көгалдандыру, құрылыс жүргізу барысындағы әкімдік пен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара келісім сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Түскен ұстыныстар әкімдікке жолданып, болашақта бірлесе жұмыс істейтіндеріне сенімді.
Сергей Мартемьянов, ҚКХП СҚОФ бірінші хатшысы:Біздің ұсынысымыз бюджет ақшасын үнемдеуге сеп болар еді. Мысалға, скверлер мен гүлзарлар салу кезінде ақылдасып алған жөн. Бір жағынан жақсы, әрине, әдемі болады, қала көркейеді. Ал шын мәнінде дәл қазір керек пе, міне, осындай мәселелерді әкімдік пен қоғамдық ұйымдар, партия мүшелері өзара ақылдасып, шешуіміз керек деп ойлаймын.
Сағындық Сәбитұлы