Сатылымға шығарылған Шымкент әуежайы өтпей қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сатылымға шығарылған Шымкент әуежайы өтпей қалды

08.10.2020

Бүгін Шымкент әуежайын сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық өтпей қалды. Бұған тендерге тек бір ғана үміткердің қатысуы себеп. Яғни аукцион басталғалы бір ғана өтінім түскен. Еске салайық, жақында Шымкент әуежайы сатылымға шығарылған еді. Бастапқы бағасы 5,2 млрд теңгеге бағаланған. Шартка сәйкес келесі жылдан бастап аэропорттың жылдық табысы 150 млн теңгеден кем болмауы тиіс. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары аукцион мерзімін ұзартып, аэропорт бағасын көтеруді сұраған.  

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: 
-Миллион тұрғыны бар қаламыз. Біздің ойымызша, ондай нысандар өз өздерін асырау керек.

Ақерке Бектас


Шымкент әуежайы аукцион аэропорт

Хабарламаларға жазылу