Алматыда саябақтар мен гүлзарлар қайта жандануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда саябақтар мен гүлзарлар қайта жандануда

08.10.2020

Бұл жұмыстардың барлығы қала әкімнің тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы және «Бюджетке қатысу» жобасы аясында атқарылып жатыр. Бұл абаттандыру жұмыстарының барлығында тұрғындардың ұсынысы ескерілген. Мына «Достық» саябағындағы жұмыстар тамыз айында басталған. Қазір жер асты жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер компания өкілдері көп ұзамай халық игілігіне пайдалануға беріледі дейді. 

Азат Естаев, мердігер компанияның өкілі:
-Келесі жылдың наурыз айында өткізуіміз керек болған. Бірақ біздің жоспарымыз осы жылы қараша айының аяғына өткіземіз. 

Мына Ганди атындағы саябақ аумағындағы тұрғындардан жарықтандыру мәселесі бойынша көп өтініш түскен. Ұсыныстар ескеріліп қазір паркке толықтай лэд шамдар орнатылып, жаңалау жұмыстары аяқталды. 

Әкімхан Әзімханұлы, Алмалы ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы:
-Жаңадан балалар ойнайтын алаң, екі спорттық зона, теннис ойнауға бір алаң салынды. 

Өткен жылы қала бойынша 7 саябақ пен алаң абаттандырылған. Биыл Қарасу, Жас қанат шағын аудандарында және Маяк ауылында, сонымен қатар әуежай көлі аумағындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Пресс-тур соңында жасыл экономика басқармасының басшысы тоғыз айдың қорытындысын айтты. 

Наталья Ливинская, Қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы:
- «Жаңа Алматыны» дамыту жоспары аясында 2 саябақ пен 20 алаңды, 7 жаяу жүргіншілер көшесін және 16 жасыл аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала бойынша абаттандырудың жалпы ауданы - 284 га.

Жалпы қалада 14 саябақ, 97 гүлзар бағы, 25 бульвар, 2 аллея, 5 жағалау, 1 ботаникалық бақ, 2 тоғай және арбат бар.

Қуан Нұрақын


Алматы саябақ гүлзар

Хабарламаларға жазылу