Волентерлердің бастамаларына қолдау бар. Елордада үздік деп танылған 22 волонтерлік жобаға қаржылық қолдау көрсетілді. Бірі жоғалған адамдарды іздеуге бағытталса, енді бірі маска тігуді көздейді. Озық деп танылған идеялардың бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды компьютерлік графикаға тегін үйрету. Еріктілердің әр тобына 300 мың теңгеден бөлінді. Олар осы қаражатқа ойындағысын іске асырып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсайды. Бұл мақсатта қалалық әкімдік 6 миллион теңге бөліп отыр.
Дәулет Кәрібек, Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы:Қарттарға көмектесу, жоғалған азаматтарды іздеу, экологиялық жанашырлық, жан жануарларға қарау бойынша жобаларға бірінші назар аударылды.
Фариза Мұсақызы