Бірнеше банкнот айналымнан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше банкнот айналымнан шықты

09.10.2020

Ұлттық банк бүгін 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналымнан алудың 4 жылдық кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл банкноттар осыдан 14 жыл бұрын шыққан. Айналымнан алып тастау кезеңі басталғалы екінші деңгейдегі банктер пен Ұлттық банктің филиалдары 2000, 5000, 10 000 теңгеліктерді қабылдап, қолданыстағы ақшаға айырбастаған. Енді бұл банкноттар сауда жасауға және айырбастауға жарамсыз. 

Ақерке Бектас

банкнот

Хабарламаларға жазылу