Жамбыл облысы ІІД және Қазақстан Ұлттық гвардиясының қызметкерлері Ақтөбе қаласында қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккендерді қолдау мақсатында өздерінің бір күндік жалақысын аударды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
2016 жылдың 9 маусымы Ақтөбе қаласында жасалынған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Осы жағдайға байланысты Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері де қайғыға ортақтасуда.
Бүгін, яғни 9 маусымда Жамбыл облысы ІІД-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түсіріліп, барлық қызметкерлер құрбандарды еске ала отырып, кеуде тұстарына қара лента тақты. Осылайша Жамбыл облысы ІІД - нің қызметкерлері Ақтөбе тұрғындарымен бірге екендіктерін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте олармен тізе қосып күресетіндіктерін білдірді.