Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне жапсарлас салынған алаңның бетон жабындысы опырылып құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне жапсарлас салынған алаңның бетон жабындысы опырылып құлады

15.06.2016
Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне жапсарлас салынған алаңның бетон жабындысы опырылып құлады

Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне жапсарлас салынған алаңның темір тіреулері майысып, бетон жабындысы опырылып түсті. Оқиға кешке кешке қарай болған. Ғимаратқа шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары екінші қабат деңгейінде салынған ашық террасаның темір қаңқасы майысып кеткенін анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетсек, 26 қабаттан тұратын "Қазақстан" қонақ үйі 1975-1977 жылдары салынған.

 

Назерке СӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу