Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен

13.10.2020

ЕАЭО елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Ресейде ғана жұмыссыздар саны өскен. Еуразиялық одақтағы статистика департаментінің мәліметінше, елде экономикалық белсенді халықтың 2,4% жұмыс іздеп жүр. Осылайша көрсеткіш бір жылда 24,7% өсіп отыр. Ресейде де екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп. Көрші елде жұмыс іздегендердің саны биыл 5 есе көбейіп, 3,6 млн-нан асқан. Ал тамыздың қорытындысымен есептесек, Қырғызстан, Беларусь, Арменияда керісінше ресми тіркелген жұмыссыздар саны біраз азайған.  

Ақерке Бектас


жұмыссыздар

Хабарламаларға жазылу