Жыл соңына дейін қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет болмайды, жазда коронавируспен ауырғандар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.
«Ғалымдардың болжамынша, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандардың ағзасындағы антиденелер 1 ай ғана сақталады. Ал ауыр және орта дәрежеде ауырғандардың антиденелері 3 айдан 5 айға дейін түзіледі. Коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларында болғанын ескерсек, қараша-желтоқсанда ол науқастарда антиденелер азайып, иммунитет төмендейді. Олардың КВИ-ді қайта жұқтыру қаупі бар», - деді министр.
Айта кетейік, әлем бойынша коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелді. Алайда Қазақстанда мұндай жағдай анықталған жоқ.