Елордалықтар өрт пен газ иісін ескертетін құрылғыны жұлып тастап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар өрт пен газ иісін ескертетін құрылғыны жұлып тастап жатыр

14.10.2020

Нұр-Сұлтанда жеке меншік сектордағы үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғыларын орнату жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар өрт пен ыс тию оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Аппарат пештен шыққан улы заттардың қоспасы мөлшерден асқанда іске қосылып, дыбыстық белгі береді. Өткен жылы елорда үйлеріне мыңнан астам осындай құрылғы орнатылса, биыл тамыздан бері 118 баспана қамтылған. Өкініштісі, тұрғындар тарапынан аппаратты өз еріктерімен алып тастау фактілері орын алып отыр.

Қуаныш Тоқсарин Сарыарқа ауданды ТЖБ бастығы:
16 улы газ құрылғысын алып тастаған. Заң бойынша біз оларға еш нәрсе қолдана алмаймыз. Біз тек қана осындай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүреміз.

Айта кетерлігі, былтыр Нұр-Сұлтанда 42 адамға ыс тисе, жыл басынан бері 26 тұрғын көмірқышқыл газымен уланған. Абырой болғанда, қайтыс болғандар жоқ.

Дарын Сағитов

Нұр-Сұлтан дабыл құрылғылары жылыту маусымы

Хабарламаларға жазылу