Коммунистер «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммунистер «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды

14.10.2020

Бүгін Қазақстан коммунистік халықтық партиясының өкілдері Түркістан қаласында «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырып, тұрғындарды мазалаған түрлі сауалдарға жауап берді. Партия белсенділері «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттық сауалнамасын таратты. Жергілікті халықты мазалаған мәселелерге ден қойды. Қаланың орталық көшелерінде өткен шараға жергілікті тұрғындар да белсенді түрде қатысты. 

Ахмет Ералхан, ҚКХП Түркістан облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
Халық көп жүретін жерлерді таңдап жатырмыз. Сол халықтың мұқтажын Үкіметке жеткізсек деген ойларымыз бар. Осы мәселе бойынша біз айына екі рет акция жүргізіп отырамыз. Осы халықтың қолдауына ие боламыз деп ойлаймыз.

Айнұр Ақбаева

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Партия дауысы акция

Хабарламаларға жазылу