2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге болады

16.10.2020

Елімізден шетелге кететін медицина мамандарының саны жыл санап артпаса, азаяр емес. Мәселен, соңғы үш жылда үш мың дәрігер шекара асқан. 

Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты. Тиісінше елде дәрігер тапшы. Қазіргі мәлімет бойынша, 4 мыңнан астам медицина қызметкері жетіспейді. Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практика дәрігері, зертханашы, психиатр, акушер-гинеколог, педиатрлар аз. Сондықтан осы мамандықтарға мемлекеттік грантты көбейтілмек. Әрі дәрігерлерді ынталандыру үшін олардың айлығын көтеру жоспарланып отыр.

Қанат Төсекбаев, ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры:
2017 жылы дәрігерлердің айлықтары 98 мың болса, бүгінгі таңда дәрігерлердің орташа жалақылары 253 мыңға дейін жетеді. Ал 2025 жылда дәрігерлердің орташа айлықтары 550 мыңға дейін жетеді деген жоспар бар.

Амангелді Сейітхан

дәрігер айлығы дәрігер тапшы медицина

Хабарламаларға жазылу