Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты

16.10.2020
Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты

2020 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 18785,0 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9%), ауылдықтар – 7718,8 мың адамды (41,1%) құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады.

2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында қалыптасты.

Қазақстан халқы халық саны

Хабарламаларға жазылу