Еуропада коронавирустың таралу қарқыны үдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирустың таралу қарқыны үдеді

16.10.2020

Еуропа елдерінде күніне 330 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталады. Қарт Құрлықта эпидемияның қарқыны мен ауқымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын алаңдатып отыр.  

Жағдайдың ушығуы, әсіресе, Францияда байқалып отыр. Бұл мемлекетте өткен тәулікте 30 мыңнан астам адам ковид жұқтырған. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланып, Париж бен 8 елді мекенде комменданттық сағат енгізілетін болды.

Швейцария денсаулық сақтау мамандарының хабарлауынша, елде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар 4 есе көбейген. Індеттен 2115 адам қайтыс болды. Ірі қалаларда қоғамдық шараларға тыйым салынып, көпшілік жүретін жерлерде азаматтарға маска тағу міндеттелді. 

Жұқпалы дертке шалдыққандар саны Ресейде де күннен-күнге артып барады. Өткен тәулікте инфекция 15 мыңнан астам адамнан табылып, 286 науқас қайтыс болды. 

Жансая Қапасқызы

еуропа коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу