COVID-19: Ресейде науқастар саны 1 миллион 370 мыңға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Ресейде науқастар саны 1 миллион 370 мыңға жуықтады

16.10.2020

Ресейде жұқпалы дертке шалдыққандар саны күннен-күнге артып барады. Өткен тәулікте инфекция 15 мыңнан астам адамнан табылып, рекорд жаңарды. Олардың 5 мыңдайы Мәскеу тұрғындары. Жалпы елдегі науқастар саны 1 миллион 370 мыңға жуықтап, 24 мыңдай адам қайтыс болды. 

Еуропа елдерінде күніне 330 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталады. «Қарт Құрлықта» эпидемияның қарқыны мен ауқымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын алаңдатып отыр. Жағдайдың ушығуы, әсіресе, Францияда байқалып отыр. Бұл мемлекетте өткен тәулікте 30 мыңнан астам адам ковид жұқтырған. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланып, Париж бен 8 елді мекенде комменданттық сағат енгізілетін болды.

Швейцария денсаулық сақтау мамандарының хабарлауынша, елде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар 4 есе көбейген. Індеттен 2115 адам қайтыс болды. Ірі қалаларда қоғамдық шараларға тыйым салынып, көпшілік жүретін жерлерде азаматтарға маска тағу міндеттелді. 

Жансая Қапасқызы 

COVID-19 Ресей Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Хабарламаларға жазылу