Алаяқтар KFC мен Magnum дүкенінің жалған сайттарын жасап шығарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар KFC мен Magnum дүкенінің жалған сайттарын жасап шығарған

16.10.2020

Интернет алаяқтардың айласы таусылмай тұр. Хакерлер ірі сауда желілерінің атын жамылып, халықтың ақшасын ұрлауда. Алаяқтар KFC тамақтану желісі мен Magnum дүкенінің жалған сайттарын жасап шығарған. Тегін тамақ пен 30 000 теңгеге дейін жеңілдік купоны беріледі деп, тұрғындардың жеке мәліметтерін жинап алған. Тұтынушымен саудагер ретінде сөйлесіп, тауарды жеткізіп беру қызметін ұсынады.

Ол үшін сайтқа сілтеме жіберіп, банк карта мен жеке сәйкестендіру нөмірін жазып алады. Тұтынушы реквизитті толтырған бойда алаяқтар есепшоттағы ақшаның бәрін аударып алады. Ал сайт бірден бұғатталып, артынан із қалдырмайды. Алаяқтардың жаңа айласына қазірдің өзінде 50 адам алданып, 2,5 млн теңге жоғалтқан. Олардың тең жартысы зейнеткерлер. 

Ақерке Бектас

Алаяқ жалған сайт KFC Magnum

Хабарламаларға жазылу