40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасау ұсынылды

16.10.2020

Елде аннуитет шарты арқылы 40 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беру керек. Сенат депутаттарымен кездескен Қаржы ұйымдары қауымдастығының өкілері осындай ұсыныс жасады. Айтуынша, азаматтарға 40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасауға рұқсат беру қажет. Кездесуде қауымдастық өкілдері зейнетақы қорында 5 млн 586 мыңы бар 59 және одан жоғары жастағы азамат бар екенін айтады. Және олар зейнетақы жинағын көрсетілген мөлшерден асыра алады. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 59 жастағы ерлерге арналған аннуитеттің құны 10 миллион теңгені, әйелдер үшін - 12 миллион теңгені құрайды. 

Ақерке Бектас

зейнетақы аннуитеті

Хабарламаларға жазылу