Қарағанды облысында 2 мың гектар жайылым «сөзі бар да өзі жоқ» адамның қолына өтіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 2 мың гектар жайылым «сөзі бар да өзі жоқ» адамның қолына өтіп кеткен

18.10.2020

Жерге талас деген жақсы тенденция емес. Жаңа да айттық, жайылымдар эрозияға ұшырай бастады. Бір себебі- мал кең өріске шыға алмай, тар жерді әбен таптап бітірген. Ауыл маңындағы жерлерде мал баққан, егін еккен тірі жан көрінбесе де, жердің әр шаршы метрінің иесі бар.  

Алайда ауыл азаматтары жер қожайындарының кім екенін білмейді, жүзін көрмеген... Атақонысында аукционға түскен 2 мың гектар жайылымнан көз жазып қалған Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылының тұрғындары бізге шағым айтып келді. Ауыл маңындағы жер, «мол инвестиция құямын» деп уәде берген серіктестіктің еншісіне берілген. Жоспар емес, уәде деуімізге себеп – шешім қабылдаған жер комиссиясы бизнес жоспардың іске асатынына, оның қолында мал-мүліктің барына қарамайтын көрінеді. Әкімдер «Құжатқа сенеміз, ең бастысы – мәлім еткен инвестиция көлемі» дейді. Ал инвестициясы аз, бірақ қорасындағы малына қарай шынайы жоспар құрған шаруалар далада қалады.

Президент Тоқаев «Жер нақты іспен айналысып отырған шаруаларға берілсін» дегенді ылғи айтады. Бір жыл бұрын Ақмола облысына барғанында көтерген, маусым басталғанда Жолдауында тағы шегеледі. Бірақ... деп пауза ұстаймыз. Немесе күрсінеміз. Неге? Баршын ауылы азаматтарының арызы бойынша Азамат Алдоңғардың репортажы.


Қарағанды облысы жайылым

Хабарламаларға жазылу