Фаст-фуд, пицца, суши. Қазақстан түрмелеріне енді тапсырыспен тамақ алдыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фаст-фуд, пицца, суши. Қазақстан түрмелеріне енді тапсырыспен тамақ алдыруға болады

19.10.2020
Фаст-фуд, пицца, суши. Қазақстан түрмелеріне енді тапсырыспен тамақ алдыруға болады

Сотталғандар электронды дүкендер арқылы фаст-фудқа тапсырыс бере алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«2019 жылы біз ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба Ақмола және Алматы облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылып жатыр. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл - біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлігіретінде сезіне алады», - деп атап өтті ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Электронды дүкендерде тауардың 400-ден астам атауы ұсынылған. Олардың ішінде азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары мен киім-кешек бар.  Олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларында сату үшін қауіпсіз санатқа жатады. Сондай-ақ сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс бере алады: фаст-фуд, шығыс тағамдары, суши және пицца.

Сонымен қатар, тағы 4 мекемеде жасалған меморандум аясында азық-түлік өнімдері мен сәлемдемелерді жеткізу жобасы іске қосылды. Мұнда туыстары сайттағы қажетті тауарларды сатып алып, мекемеге жеткізуге тапсырыс бере алады (курьерлік қызмет арқылы).

түрме фаст-фудқа

Хабарламаларға жазылу