Қазақстандықтар үйде коронавирустан емделу үшін дәріні тегін ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар үйде коронавирустан емделу үшін дәріні тегін ала алады

20.10.2020

Коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында елімізде дәрі-дәрмектің қоры құрылып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында осылай деді. Қазір 5,9 миллиард теңгеге дәрінің 37 түрі алынған. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгін Үкімет отырысында екінші толқынға әзірлік пысықталып, дәрі-дәрмек қорын жасақтау мәселесі талқыланды. Қазір барлық дәріхана, стационарлар мен емханалардың қоры есептеліп жатыр. Тағы 8,2 млрд теңгеге сұранысқа ие дәрінің 44 түрін алу жоспарланып отыр. Бұл шамамен ай сайын 60 мың пациентті стационарда емдеуге мүмкіндік береді. 
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Денсаулық министрлігі «СК-Формациямен» бірлесіп, стационарларда әсіресе инфекциялық ауруханаларда дәрі-дәрмек болуына мониторинг жүргізсін. Дәрі тапшылығы болмауы тиіс.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бұдан былай коронавирус анықталған тұрғындар тіркеуде тұрған емханаларынан үйде емделу үшін дәрінің 5 түрін тегін ала алады. Бұл екінші толқын бола қалған жағдайда ауруханалардағы жүктемені азайтуға бағытталып отыр. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше Жалпы елімізде коронавируске қарсы пайдаланылатын дәрі дәрмектің 48 пайызы өзімізде өндіріледі. Үкімет басшысы маска өндірісін де арттырып, тәулігіне 1,5 млн данасын шығаруды тапсырды. Барлық өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін көлемі 13 миллиард теңгеден астам сақтандыру қорлары құрылды. 
коронавирус Үкімет отырысы дәрі-дәрмек

Хабарламаларға жазылу