Бұған дейін беймәлім болған адам ағзасы анықталды - ғалымдар жаңалығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұған дейін беймәлім болған адам ағзасы анықталды - ғалымдар жаңалығы

21.10.2020
Бұған дейін беймәлім болған адам ағзасы анықталды - ғалымдар жаңалығы

300 жылда алғаш рет дәрігерлер бұған дейін беймәлім болған адам ағзасын тапты. Осы уақытқа дейін адамзатта төртінші жұп сілекей бездері барын ешкім білмеген. Ғалымдар бұл бездерге tubarial деген атау берді. 

«Ол бас сүйегінің негізіне жақын орналасқан. Сондақтан мүлде көрінбей келген», - дейді ғалымдар.

Жаңа ағза туралы дәрігерлердің мойын мен тамақ обырына шалдыққан науқастарға сәулелік терапияның әсерін зерттеуі барысында белгілі болды. Мамандар ағзадағы ісіктерді анықтау үшін арнайы радиоактивті таңбаланған глюкозаны пайдаланып, зерттеу жүргізеді. Нәтижесінде глюкозаны тек ісіктер ғана емес, тағы бір белгісіз органдардың жұтатытын анықтайды. Осылайша адамда төртінші жұп сілей бездері бары мәлім болды.

Бұл бездер тамақ пен жұтқыншақты шырыштау және оларды қорғау қызметін атқарады екен.

Дереккөз: korrespondent.net

ағза ғалымдар

Хабарламаларға жазылу