Депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады.
«Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2021 жылы - 2,7 млрд теңге, 2022 жылы - 2,4 млрд теңге, 2023 жылы - 2 млрд теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделіп отыр», деді Ұлттық экономиика министрі Руслан Дәленов.
Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Ұлттық қордан бөлінетін осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады.
2021-2023 жылдарға белгіленген трансферт мөлшері Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерін аспайды.