Ресейде бір тәулікте 16 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, пандемия басталғалы тағы да рекорд жаңартылды. Науқастардың 5 мыңға жуығы Мәскеуде тіркелген. Эпидахуалдың ушығуына байланысты Ресей астанасында қосымша госпитальдер ашылды. Компаниялар өз қызметкерлерінің 30 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге жіберіп жатыр. Дегенмен, қала мэриясы қатаң карантиндік шара енгізуге асықпай отыр.
Ал Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта 21300-ден астам адамнан ковид табылды. Мұны корольдіктің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамқорлық департаменті хабарлап отыр. Кейбір қалаларда мейрамханалар жабылып, карантин күшейтіліп жатыр. Сонымен қатар, бастауыш және орта мектептердің 400 мыңдай оқушысы дәрісті тоқтатуға мәжбүр болған.
Арыстан Рысбек