Жеңіл автокөлік бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіл автокөлік бағасы қымбаттады

21.10.2020

Елде жеңіл автокөліктің бағасы тағы қымбаттады. «ҚазАвтоПром»-ның мәліметінше, былтырмен салыстырғанда көлік құны 17%-ке шарықтап, қазір орташа бағасы 10 млн 500 мыңнан асқан. Ал отандық көліктің орташа бағасы 7,5 млн теңге, ал импорттық көліктің құны 14 млн-ға жуық. Биыл халықтың төрттен бірі бағасы 5 млн теңгеден аспайтын көлік мінсе, 13 мыңнан аса адам құны 7 млн теңгеге жуық автомобиль сатып алған. Бағасы қолжетімді көліктің көбі елде құрастырылған. Мәселен, Өскемендік Lada Granta құны 3 млн теңгеден басталады.  

Ақерке Бектас


Жеңіл автокөлік баға

Хабарламаларға жазылу