Әзірбайжан мен Армения министрлері АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан мен Армения министрлері АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездеседі

21.10.2020

Әзірбайжан мен Армения сыртқы істер министрлері келесі аптада Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездеспек. Әңгімеге Таулы Қарабақтағы жағдай арқау болады деген болжам бар. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақ маңындағы Зангилан қаласы мен 24 ауылдың қайтарылғанын мәлімдеді. Мұны Қарабақ күштері растап отыр, ал Армения Әзірбайжан армиясының шегінгенін хабарлайды.  

Баку мен Ереван қазанның 10-ы мен 18-і күндері атысты тоқтату туралы екі мәрте ымыра жариялады. Алайда, ол қайта-қайта бұзылып, тараптар қарулы жанжалдардың жалғасқаны үшін бір-бірін айыптап келеді. 

Арыстан Рысбек 


Әзірбайжан Армения

Хабарламаларға жазылу