Сәрсенбіге қараған түні Үндістанның шығысындағы Бихар штатында жай оғы тиіп, кемінде 45 адам қайтыс болды.
Ондаған адам жарақат алған.
Қайтыс болғандардың саны әлі артуы мүмкін. Өйткені Бихар штатында болған нөсер кезінде қаза болғандар мен келген шығын туралы алыс аудандардан ақпарат жылдам жетпейді.
Елдің шығысында нөсер жауын толастар емес. Қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн жалғасады.
www.bnews.kz