Ауыл халқы ем іздеп қалаға сабылмайды, оларға медициналық көмек көрсететін көліктер өзі барады. Бүгін Солтүстік аймақтардағы шалғай елдімекендерге жылжымалы медициналық кешендер табысталды. Олар аудан орталығынан 100-200 шақырым қашықтағы ауылдарға қызмет көрсетеді. Бастысы, бұл кешендер отандық өнім, Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында құрастырылған. Ал іші толықтай компьютерлік құралдармен жабдықталған. Азаматтарға 7 түрлі медициналық көмек көрсетуге болады. Мәселен, рентген және ультрадыбыстық зерттеу жасайтын аппараттар қойылған.
Сондай-ақ гинекологиялық тексеруге, функционалдық және қант деңгейіне зертханалық диагностика жасауға мүмкіндік бар. Әзірге жылжымалы кешендер 24 ауылға ғана берілді. Алда тағы 100 елді мекенге жіберу көзделіп отыр.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарыАуылға байланысты пандемия кезінде көптеген сұрақтар туындады. Президент тапсырмасына сәйкес, қысқа уақыт ішінде Қазақстанда жылжымалы медициналық кешендер дайындалды.
Амангелді Сейітхан